21 ақпан күні №5 «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа сапасы: сұраныстар, қол жеткізу жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар жұмысына Атбасар ауданы мен Атбасар қаласының мектепке дейінгі мекемелері мен шағын орталықтарының педагогтары қатысты.
Семинар «Тышқанның денсаулықты құпиясын қалай іздегені» туралы экологиялық ертегінің театрландырылған көрінісінің қойылымымен ашылды, театрландырылған көріністі дайындаған педагог – ұйымдастырушы Корнилова А.А., музыка жетекшілері Н. А. Токарева , А. Ю. Гончарова, қазақ тілі мұғалімі А. А. Қабдеш , ағылшын тілі мұғалімі Б. А. Рахимжанова.
Жасаралық топтарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді.
Ортаңғы «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Исмагамбетова А. А. «Жужа араның туған күні» тақырыбында, «Зерек бала» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі В. В. Митрофанова «Спешим на помощь гномам» тақырыбында және «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі Когобаева А.Т. «Аралдарға саяхат» тақырыбында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде Воскобовичтің интеллектуалдық-шығармашылық дамуының ойын технологиясын қолданып ашық оқу қызметін көрсетті.
Логопедтік «Балапан» тобының тәрбиешісі А. А. Рахимжанова «Дома бывают разные» тақырыбында құрастыру оқу қызметінде АКТ технологиясын қолданды. Тәрбиеші «Құрастыру блоктары» пайдалана отырып үлгі бойынша балалардың жұмыс жасайтынын көрсетті.
А. Б. Рыбалко дене шынықтыру нұсқаушысы ортаңғы «Айналайын» тобында дене шынықтыру оқу қызметін өткізіп тәжірибесімен бөлісті. «Прогулка в зимний лес» оқу қызметінде ойын технологиясы мен АКТ қолданды.
Логопед М. Э. Дюбкина логопедтік «Балапан» тобының балаларымен «Автоматизация звука [Ш] в слогах, словах» тақырыбы бойынша топша оқу қызметін көрсетті.
«Баланың агрессивті стрессіне қарсы қолданылатын ойын-жаттығулар» тақырыбына семинар қатысушыларымен педагог-психолог С. Ш. Раисова мастер-класс өткізді.
Семинар соңында бөбекжай-бақшасының педагогтарымен семинар қатысушылары пікір алмасты.