Мақсаты:
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту,қыс мезгілінің ерекшеліктерін,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға,байланыстырып сөйлеуге дамыту.Жұмбақтар,тақпақтар айту арқылы баланың тілін дамыту,сөздік қорын молайту,ойын арқылы сөз байлығын дамыту.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, жұмбақ, топтық жұмыс, дәстүрден тыс сурет салу,рефлексия.
Қажетті құрал-жабдықтар:Қыс мезгіліне байланысты суреттер, гуаш, мақта таяқшасы, тамаққа арналған пленка.
Билингвалды компонент:қыс-зима аққала- снеговик, қар- снег Іс- әрекетің барысы: Тәрбиеші
- Балалар казір қандай мезгіл?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Балалар қазір біз сендермен «Қыс» мезгілінің суретін саламыз. Біз суретті дәстүрден тыс әдісі арқылы саламыз. Ол үшін бізге мақта таяқшалары, гуаш, тамаққа арналған арнайы пленка қажет. Қане балалар, жұмысымызды бастайық.
Тыныс алу жаттығуы: «Ұлпа үрлеу»
Мақсаты: Балаларға мұрынмен демалуды үйрету. Күрделірек демалу жаттығуларына дайындау.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы дұрыс?»
Мақсаты: Балалардың зейінін, ойлау қабілетін дамыту. Қыс мезгілінде болатын өзгерістерді ажырата біледі. Сергіту сәті: Қыста тоңғанда не істейміз? (балалар орындарында тұрып жүгіреді)
Дидактикалық ойын «Қыста не киеміз» Мақсаты;Сурет арқылы қысқы киім тандап алу.
Тәрбиеші;
-Қыс мезгілінің ауа-райы қандай болады? -Қыс ойындарды атандаршы?
-Балаларды мадақтау,қоштасу.