Мақсаты: балаларды алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерімен таныстыру.
Міндеттері:
-қауіпсіз құлықтың негізгі ережелерін бекіту; жеке қауіпсіздік үшін жауапкершілік сезімін, басқаларға көмектесуге деген ұмтылысты қалыптастыру, балаларға алғашқы көмек адамның өмірде өз бетінше пайдалана білу қабілетін дамыту;
-балаларды алғашқы медициналық көмек керсетудің негізі әдістерімен таныстыру, дені сау болуға ұмтылу; балалардың сөйлеуін белсендіру, сөйлем құрау қабілетін дамыту, диалогтік сөйлеуді жетілдіру, ұсақ моторикасын дамыту.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!
Біздің денсаулық орталығына қош келдіңіздер. Денсаулық орталығы балаларымыздың сүйікті орталықтарының бірі. Бұл орталықта балалар «Дәрігердің қабылдауында», «Жедел жәрдем», «Тіс дәрігері», «Көз дәрігері» ойындарын ойнауды жақсы көреді.
Ал енді, сіздердің назарларыңызға«Дәрігердің қабылдауында» ойынын ұсынамын.
Бұл ойын арқылы балалар алғашқы көмек көрсетуді үйренеді: әртүрлі жаралар , қан кетулер . Біздің басты міндетіміз алғашқы көмек көрсету кезінде өз әрекеттеріміздің алгоритімін дұрыс құруды үйрену.
Қуыршақ Әйгерімге медициналық көмек көрсету кезінде алдымен қолымызды сабынмен дұрыс жуып аламыз.Жараның жан жағын сутегі асқын тотығымен сүртіп алап , содан соң арнайы арналған бинтпен жараны таныймыз.
Осы ойын арқылы балалар алғашқы медициналық көмек керсетудің негізі әдістерімен танысады, балалардың диалогтік сөйлеуі жетілдіреді, ұсақ қол моторикасын дамыйды. Осымен қуыршақ Әйгерімге алғашқы көмек көрсетілді.
Назарларыңызға рахмет.