Түлектік мерекелерді өткізу жоспарына сәйкес, «Ақ бұлақ» мектепалды даярлық тобында «Шпиондар академиясы» атты қызықты ойын-сауық шарасы өтті.

Іс-шараның басында барлық қатысушыларға құпия агент куәліктері табысталып, олар бірден маңызды тапсырмаларды орындауға кірісті.

Балалар ептілік, зейін және тапқырлыққа арналған түрлі қызықты сынақтардан өтіп, роботтарды басқарып, логикалық тапсырмаларды шешіп, біртұтас команда ретінде жұмыс жасады.

Жас агенттер барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, тапқырлық, батылдық және көтеріңкі көңіл-күй көрсете білді.

Текст