Құрметті Жанаргуль Еркеновна!
Сізді жоғары әрі лайықты марапат — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен наградталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат — Сіздің көп жылғы еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіздің, жауапкершілігіңіздің және мектепке дейінгі білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесіңіздің лайықты бағасы.
Сіздің басшылығыңызбен «Алтын бесік» ясли-бақшасы дамып, жаңа жобалар енгізіп, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасауда. Ұжымды біріктіріп, педагогтерге қолдау көрсетіп, жаңа жетістіктерге шабыттандыра білуіңіз зор құрметке лайық.
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, даналық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, ұжымыңыз бен тәрбиеленушілеріңіздің жетістігі Сізге қуаныш пен мақтаныш сыйласын!
Лайықты марапатыңыз құтты болсын!
«Ыбырай Алтынсарин» медалі жаңа жеңістеріңіз бен биік белестеріңіздің символы болсын!
