Мақсаты: тәрбиеленушілерді жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана және мемлекеттік тілдерді, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу,балаларда ұлттық қадір-қасиетті, ұлттық мақтаныш пен ұлттық ар-ожды, ұлттық сананы қалыптастыруға, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікке, рухани-адамгершілік құндылыққа, ұлттық бірлікке, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімге бағдарлау.
Әріптестермен шеңберге тұрып әуен арқылы іс-қимылдар орындап, көңіл-күйлерін көтеру. Биылғы жаңа оқу жылымызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделгендіктен біздің бөбекжайымыз «Ұлттық құндылықтар» негізінде жұмыс жасайды.
Сандықтан сандармен белгіленген үлкен асықтарды шығару арқылы,тапсырмаларды орындау.
Сіздердің назарларыңызға «Ақылды асықтар» ойынын ұсынғым келіп тұр.
Үшке қатысты ұғымдар:
Үш тамыр: қуаттың тамыры-тамақта,оқудың тамыры-сабақта,білімнің тамыры-талапта.
Төртке қатысты ұғымдар
Төрт маусым: көктем,жаз,күз,қыс
Төрт түлік:түйе,жылқы,сиыр,қой
Беске қатысты ұғымдар:
Бес қару:садақ,найза,қылыш,айбалта,шоқпар
Бес асыл іс:талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым
Алтыға қатысты ұғымдар:
Алты игілік:денсаулық,қазына,дос,әйел,білім,бала
Жетіге қатысты ұғымдар:
Жеті қазына: ер жігіт,слу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық, жүйрік тазы ит. Жеті ата: бала,әке,ата,арғы ата,баба,түп ата,тек ата.
2 тапсырма
Мақал-мәтелдерді жалғастыр: Туған жердей жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.Отаншылдық-отбасынан басталады.Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы
3 тапсырма
Түл ұстарту жаттығулары жаңылтпаштар.
4 тапсырма Жұмбақтар
Шыр көбелек айналар,беліне жіп байланар.(ұршық)
Жисам жеңдей жайсам көлдей (кереге)
Шік түсті,бүк түсті.
Алшы түсті,тәйкі түсті,
Шеше алады ал кім бұны? (асық)
Төрт бұрышты ,бір ауызд (сандық)
Арғы тегі сүт,өзі тастан қатты,
Дәмі бірақ қышқылтым да тәтті (құрт)
5 тапсырма
Тиым сөздерді ата:
Отты аттама,аққуды атпа,нан қоқымын жерге тастама.
Келесі кезекте сіздерге ойын ойнауды ұсынғым келіп тұр.
«Тақия тастамақ» ұлттық қозғалмалы ойынын ойнау.
Мақсаты:
Балабақшада қазақтың ұлттық ойындары балаларға ойынды ойнатудың,үйретудегі ең басты мақсаты, балалардың дене тәрбиесін дұрыс қалыптастыру, ұлттық шеберліктерімен, мүмкіндіктерін арттыру.
Осы орайда әрине қимыл-қозғалысқа бай ұлттық ойындарымыздың пайдасы көл-көсердей деп айтуға болады. Ұлттық ойындар батылдыққа,ептілікке,шапшаңдыққа,ептілікке, әділдікке тәрбиелейді.