Робототехника және құрастыру балалардың ұсақ моторикасы мен сөйлеуін дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды даму құралы болып табылады.
Айта кету керек, мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар қолданбай тапсырмаларды пайдаланбай оқыту мүмкін емес. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі конструкторлар мен білім беру ойындары көмектесе алады, соның қатарында Steam технологиясы /STEM - Роботышқан жиынтығы өте жақсы көмектеседі. Бұл қадамдық бағдарламалауды үйренуге, сыни ойлау дағдылары мен логиканы дамытуға көмектеседі.
Үйірме сабақтарын өткізу кезінде кез-келген идеяны, қиялды жүзеге асыруда және оған қажетті құралдарды таңдауда балалардың бастамасы барлық жағынан қолдау көрсетіледі. Бастаманың көрінісі балалардың ішкі сезімін, өзіне деген сенімділікке, олардың маңыздылығын, қызығушылығын, қалауын түсінуге және одан әрі тәуелсіздік танытуға ықпал етеді.
"Роботтар планетасы" үйірмесінің жетекшісі: Саттарова А.А.