Ұйымдар тізімі

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжайы " МКҚК. Заңды мекен-жайы: Атбасар қаласы, 1 шағынауданы, 9-құрылыс.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Алтын бесік" бөбекжайында МКҚК көрсетілетін 3 мемлекеттік қызмет бар.
2025 жылы «Atbasar.akmola.kz» ақпараттық жүйесі, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы «Ұстаз», сондай-ақ «НОБД» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет алушымен тікелей және тікелей емес байланыс жасау жолымен электрондық форматта 190 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы "Алтын бесік" бөбекжайы " МКҚК қызмет көрсетілді:
1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау және қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» - 151,
2. «Педагогтердің аттестаттаудан өтіу үшін құжаттарды қабылдау» - 34,
3. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау» - 5.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет «Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және қабылдауды рәсімдеу» бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында тікелей эфир өткізілді. Ресми интернет-ресурста, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы халыққа ақпарат берілді.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
1. «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау және қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»,
2. «Педагогтердің аттестаттаудан өтіу үшін құжаттарды қабылдау»,
3. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://ds0006.atbasar.aqmoedu.kz/news/open/id-5258317 «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжайы " МКҚК "Мемлекеттік қызметтер " бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған, сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері де ресімделіп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді «Аtbasar.akmola.kz», «Ұстаз», «НОБД». Жүйеде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2026 жылы "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

2026 жылғы 27