Мектепке дейінгі білім беру декадасы аясында «Інжу» ересек тобында «Спорттық кемпірқосақ» тақырыбында дене шынықтыру сабағы өткізілді.

Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылды. Балалар кемпірқосақ түстеріне байланысты әртүрлі жаттығулар орындап, эстафеталық ойындарға қатысты. Олар жүгіріп, секіріп, құрсаумен ойнап, сондай-ақ «жыланша» тапсырмасын орындап, белгілердің арасымен өтті.

Балалар белсенді қатысып, қызығушылық танытып, барлық тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты. Сабақ барысында көңілді әрі достық атмосфера қалыптасты.

Сабақ нәтижесінде балалар сергектік қуат алып, көңіл-күйлері көтеріліп, денсаулықтарын нығайтты. Қойылған міндеттер толық орындалдыІ

Текст