Текст
Мектеп пен балабақша арасындағы байланысты нығайту мақсатында "Зерек бала" мектепалды тобының балалары №3 жалпы білім беретін мектепке экскурсияға барды.
Мектепте бізді бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Габбасова А. Б. және бастауыш сынып мұғалімдері Смагулова А. А., Жумаенова Г. Б., Сыпсоева А. М. қарсы алды. Олар балаларға мектеп бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырды. Балалар бастауыш сынып кабинетін, спорт залын, асхананы аралап көрді. Сондай-ақ, мектеп мұражайында болып, болашақ мектептері туралы көптеген қызықты әсерлер алды. Өйткені, олар жақында 1-сыныпқа барып, партаға отырып, білім алуды бастайды.
- c90467ea-51b5-4043-86fd-3a24c5bc369e.jfif
- b15a1ca6-db73-45a7-8bf0-5c60de6db70b.jfif
- 0b2629a5-f64d-4945-8896-69ddf582bb89.jfif
- d1112942-7099-4466-92c6-77f9550398ff.jfif
- fa42b9de-7763-4539-bc67-38486fc5fe70.jfif
- 5f59a742-e85f-4fdc-b952-923e9cb0f532.jfif
- d46309ff-df0d-450a-88c5-b8c23f55270b.jfif
- 21f4e6b8-9275-42d3-8e6e-6ac44fd97280.jfif
- 5f73ad9a-cd73-4579-a27e-b5a8b403625b.jfif
- 1ce1ddb0-6ff4-4b09-842c-65e539ad563e.jfif