2026 жылғы 13 қазанда Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» бөбекжайының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында «Үздік педагог» кәсіби шеберлік байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау педагогтерге өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық әлеуетін, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдерін көрсетуге, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге тамаша мүмкіндік берді. Байқауға қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, бастамашылдығын, педагогикалық шеберліктері мен өз мамандықтарына деген адалдықтарын көрсете білді. Әрбір қатысушының өнер көрсетуі заманауи педагогтің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар шабыттандырушы, тәлімгер және балалық шақтың ғажайып әлеміне жол көрсетуші екенін дәлелдеді.
Байқаудың аудандық кезеңінде І орынға «Алтын бесік» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Сазанова Балым Сериковна ие болды!
Балым Сериковна лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыстарға, шығармашылық шабытқа, жаңа жетістіктерге және педагогикалық биіктерді бағындыруға тілектеспіз!
Балаларға деген сүйіспеншілік, өз ісіне адалдық пен кәсіби жетілуге деген ұмтылыс әрдайым жаңа жеңістерге жетелесін!
Жеңісіңіз құтты болсын! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!