"Алтын бесік" бөбекжайы жеке тұлғаларға "Мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы "Алтын бесік" бөбекжайында 203 қызмет көрсетілді.
2021 жылы 173 қызмет көрсетілді.
Сондай-ақ, "Алтын бесік" бөбекжайында ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері сай орналастырылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ, негізді және негізсіз бас тартулар болған жоқ.