Біздің аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы жыл сайын еңбек демалысына шыққан білім саласының ардагерлерін құрметтейді.

Бүгін біздің әріптестеріміз – бас аспаз Наталья Павловна Петрищева мен тәрбиеші көмекшісі Шугаипова Қымбат Жәкенқызы – «Еңбек пен жүрек жылуы» ұранымен өткен №5 орта мектептегі мерекелік шараның құрметті қонақтары болды.

Білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина олардың ұзақ жылғы еңбегі мен адалдығына ризашылығын білдірді.

Ұжымымыз әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен бақ-береке тілейді!

 

Текст