«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» спорттық ойындар жарысы

 

 Мақсаты:
 Ұлттық ойындарды  қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы.
Дене шынықтыру нұсқаушы: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.

Дене шынықтыру нұсқаушы: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.

 Дене шынықтыру нұсқаушы :«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» - атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер
- дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1 - топ «Тұлпар»
Топ капитаны – …...
2 - топ «Қыран»
Топ капитаны - …...

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
Дене шынықтыру нұсқаушы: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...
Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу
4. Қол күрес
5 Ақсерек - көксерек
Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.
Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
Ойын: Ұлттық ойын: «Ақсерек - көксерек»
Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 - 30 қадам.
1 - топ. Ойынды бастайды:
Ақсерек - ау, ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2 - топ Ойынды жалғастырады
Ақсерек – ау, ақ серек
............(баланың  аты) керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.
Дене шынықтыру нұсқаушы:Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен  ««Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»» атты спорттық жарысымызды қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Жаңартылған күні: 15.02.2024 18:22
Құрылған күні: 03.09.2024 13:21

Текст