Педагогика мамандығы тек білімді ғана емес, шығармашыл, ынта-жігерлі, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты қажет ететін кәсіп.Кәсіби шеберлік байқаулары-бұл жас мамандар үшін өзін танытуға, баға жетпес тәжірибе алуға және өздерінің педагогикалық қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік.
Бүгін "Арай" бөбекжайы базасында ауданның түкпір-түкпірінен талантты тәрбиешілер жиналды. "Мектепке дейінгі ұйымның үздік жас маманы 2025" аудандық байқауы аэөтті. Жас педагогтар өздерінің кәсіби жетістіктерін, балалармен жұмыс істеудің креативті әдістерін, инновациялық білім беру технологияларын ұсынды.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша "Тәй-тәй" ортаңғы тобының тәрбиешісі Лоос Анастасия Витальевна кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!