Мақсаты :Заттарды және олардың қасиеттерін атауға үйрету , есту қабылдауын дамыту. Қазақтың ұлттық киімдеріне түсінік беру.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,балалар алдымен барлығымыз көңілімізді көтеріп, бір билеп алсақ.
Ғажайып сәт.
Тук, тук,тук! (Есікті қақан дыбыс естіледі)
Әуен ойналып, топқа куыршақ Әйгерім келеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келді.
Балалар куыршақтар ренжулі сияқты, көңіл-күйі жоқ. Әйгерім наурыз мерекесіне киетін сәнді камзол керек екен. Балалар Әйгерімге сәнді камзол жасап беруге қалай қарайсыңдар? Кәне, көмектесемәз бе?
Балалар:- Иә
Тәрбиеші: -Балалар мен сендерді сыйқырлы шеберханаға апарғым келіп тұр. Бірақ бармас бұрын біз саусақтарымызды жаттықтырып алайық. Ал бірге қайталаймыз.
Саусақ гимнастикасы
Бас бармағым атам
Балаң үйрек әжем
Ортан терек әкем
Шылдыр шүмек анам
Кішкене бөбек мен.
Міне менің отбасым.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар олай болса біз сиқырлы шеберханаға барып, өз шеберлігімізді көрсетейік.
Шығармашылық тапсырма: «Камзол сәндеу»
Мақсаты:балалардың қазақтың ұлтық киімі камзол мен таныстыру. Ою- өрнектердің әсемдігін түстердін үлесімдігін көруге деген қабылеттерін дамыту.
Шарты: балалар камзолдың шеттерін ою -өрнекпен әсемдеу.
Тәрбиеші:
-Балалар сендердің жасаған сәнді камзолдарыңды Әйгерімге көрсетіңдерші.Әйгерімге қатты ұнады.
Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, бойымызды сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Керегені жазайық (қолдарын жазады)
Шаңырақта құрайық (қолдары мен шенбер жасайды)
Уық болып ілініп (қолдарын алға созады)
Кигіз үйдей болайық. (шеңбер жасайды)
Тәрбиеші:
-Ал енді балалар сендерге қуыршақ ойын ұсынамын.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндіру»
Мақсаты: Ер бала мен қыз баланың киімдерін ажарата білуге, ұлтық киімдердің атауларымен таныстыру.
Тәрбиеші:
Балалар сендер ойында өте керемет ойнап шықтыңдар. Ер бала мен қыз балалардың киімдерін дұрыс тауып бердіңдер.
-Ал енді балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
-Біз оған қандай көмек бердік?
Балалар:
-Әйгерімге камзол сәндедік ою-өрнекпен
-Шеберханада біз не сәндедік?
-Қыз балалар не киеді?.
-Ұл балалар не киеді?
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,Әигерім сендерге алғыс ретінде мына смайликтарды сыйға бермекші рахмет.
Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Балалар: ия ұнады.
Жасаған жұмыстарын көрмеге қоюды ұсыну. Әйгерім қуыршақ балаларды мадақтады, рахмет айтып қоштасты.