Текст
Бүгін бөбекжайымызда қазақ тілі мұғалімі Сазанова Б. С. «Тіл-халық қазынасы» тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің мақсаты – мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, ана тілін құрметтеу және көптілділікке қызығушылықты арттыру. Педагогтар викториналарға, шығармашылық жаттығуларға қатысып, тіл туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтар шешті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа идеялар мен жағымды эмоциялар сыйлады.