«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Уақытша 1 жүктемеге музыка жетекшісі (декреттік демалыс кезеңіне) бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда №7495 болып тіркелген, жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Қазақстан 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Премьер - Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33320 болып тіркелген) уақытша 1 жүктемеге музыка жетекшісі (декреттік демалыс кезеңіне) бос лауазымына  конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

 Мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, 020400, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, №1 шағын ауданы, 9 құрылыс, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48, dsaltinbesik@mail.ru

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың ойын қызметін ұйымдастыруға қатысып, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады.  Балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді. Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді.

Педагогтің біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 152760 теңгеден басталады

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:  "Музыка жетекшісі" бағыты бойынша жоғары, техникалық кәсіптік (музыкалық, педагогикалық білімі)  немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін музыка жетекшісі  лауазымына үміткерге:

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)   еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 

 Аталған құжаттардың біреуінің болмауы, құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтаруының   негізгі себебі болып табылады.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау ресми интернет-ресурста, "Алтын бесік" бөбекжайының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап

7 жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 23 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады:

1) "Алтын бесік" бөбекжайының қабылдау бөлмесі: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, №1 шағын ауданы, 9-құрылыс, 09-00-ден 13-00-ге дейін және 14-00-ден 18-00-ге дейін. 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8 (716-43) 5 32 67, +7 702 963 80 48, электрондық мекен-жайы: dsaltinbesik@mail.ru

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 23.11.2023 11:50
Құрылған күні: 23.11.2023 11:50

Текст