Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы"МКҚК-і
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы №432 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" және жаңа редакциядағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021.11.19 №568 бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда №7495 бұйрықпен тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, уақытша тәрбиешінің 27 сағат, 1,125 жүктемесімен бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Мекен - жай: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Микрорайон №1 көшесі 19, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48, dsaltinbesik@mail.ru
негізгі функционалдық міндеттерін, еңбекақы мөлшері мен шарттарын белгілей отырып, бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: мемлекеттік тілінде оқылатын топтарда тәрбиешісінің бос лауазымы. Педагогтің лауазымдық жалақысы 115672 тенгеден бастап, біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты.
педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Құжаттар тізімі:
-осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; - жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); -- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); - "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); - педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдары) бар болса ұсынады.