«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес

Баламен қарым-қатынас жасауда жанұяның алатын орны
Егемен еліміздің ертендігі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіріп тәрбиалеу ең маңызды да негізгі мәселе.
Жанұя- адамзат өміріндегі өз жалғасын табатын, болашақ ұрпақ өсіп-өрбіп шығатын ұя десек, сол ыстық ұяда баланың сөйлеу тілі, қиялы мен ақыл-ойы, талабы мен көзқарасы қалыптасады. Бала дамуының кезекті баспалдағы тілінің шығып, қоршаған ортаға деген қөзқарасын білдіруі болып табылалады. Баланың жеке басының, сөйлеу тілінің дамуына баламен араласу, сөйлесу, қарым-қатынас жасау үлкен орын алады. Сөйлеу тілі қарым-қатынас жасау барысында дамиды.
Халқымыз «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара» деп бекер айтпаса керек. Жанұя – бала тәрбиесінің басты институты, өйткені жанұялық тәрбие баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Тәрбиенің басты мақсаты – баланың жан дүниесін түсіну, яғни, эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық дамуындағы бастауы, сонымен қатар, ана тілінде сөйлеуге үйрететін алғашқы баспалдақ. Ол баланы жеке тұлға ретінде дамытушы.
Олардың бойындағы батырлық, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін бойына қабылдайды. Ертегіні оқып қана қоймай, мазмұнын баяндау кезіндегі сұрақ-жауап әдісі баламен тікелей қарым-қатынас жасауға көмегін тигізеді және сөйлеу тілін арттырады.
Ертегілерді, өлеңді, әңгімелерді оқу, айту отбасылық дәстүрге айналу керек. Өйткені бала ондай жағдайларды ұнатады, үлкендер тарапынан арнайы көңіл бөлгенін қалайды. Баланы міндетті турде оқыған шығарманы талдаұға,  жаман мен жақсыны айыры білуге,  кеіпкерлердің әрекетін әңгімелеуге,   ертегідегі оқиға мен шын  өмірдегі әрекеттерді салыстыруға тарту керек.
Ата-аналармен әңгімелесу орны міндетті түрде болғаны дұрыс. Өйткені ол жерде сөйлеу мәдениеті мен ойлау мәдениеті қалыптасады. Бірақ баламен тілдік қарым-қатынас жасауда арнайы дауыс көтеру қажет емес. Ертегі өзі-ақ баланы қыцзықтырушы үлгі болып табылады. Ертегіні білген бала қиялдау, армандау сезімдеріне бөлене алады. Барлық отбасы мүшелері бірге дауыстап оқып, концерт ұйымдастыру, ертегі құрастыру, хормен әң айту сияқты тәсілдерді әдетке айналдырған ата-аналардың балаларына қарым-қатынас жасау ешқандай қиындық тудырмайды. Бұндай балаларға болашақта басқа балалармен араласу онайға түседі.
Сондай-ақ, баланы тек оқуға ғана емес, қасындағы адамның сөзін бөлмей тындауға да  үйрету керек. Бұны да бала өз әке-шешесімен үйренеді. Баланы диалогқа үйрете отырып, біз оны тілдік қарым-қатынас жасауға үйретеміз, өйткені сөйлесіп отырған адамдар екінші адамның дүниеге көзқарасын, сенімділігін таниды.
Сөйлеу тілі баланың әр түрлі әрекеттер жасау барысында жақсы қалыптасады. Егер бала өмірі әр түрлі қызықты оқиғаларға толы болса, ол өзінен өзі дамиды. Мектепке дейігі жаста балалар театрға, концерттік залдарға, мұражайларға, көрмелерге бара бастайды. Ата-ана міндеті баланың араласу, даму ортасын кеңейту. Бірге жүріп өткізген уақыттардан бала жақын адамдарымен араласу кезінде тек қуаныш алуы керек. Ол баланың мәдени өміріне үлкен әскер қалдырады. Бала тілі қалыптаса бастағанда, оның жанында өзін жақсы көретін, түсінетін, қамқор ата-анасы бол,аны жөн.
Балабақшада арнайы ұйымдастырылған сабақтар, түзету жұмыстарын және әр түрлі күн тәріптерін  орындауға байланысты іс-әрекеттер де балалар мен ересектердін қарым-қатытас құралы болып есептеледі. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың ересектермен, құрбылармен жасайтын қарым-қатысының маңызына өте үлкен мән беру қажет, өйткені ол балалардың жеке басының дамуында маңызды орын алады.

Педагог- психолог Раисова А.Ш.

Жаңартылған күні: 17.03.2025 16:48
Құрылған күні: 17.03.2025 16:48

Текст