Текст
Дойбы ойыны баланың интеллектін ойын түрінде үйлесімді дамытудың өте күшті құралы. Логикалық ойлауды, тапқырлықты, ұшқыр ойды дамытады; абстрактілі ойлау қабілетін дамытады; табандылық пен кеңістіктік қиялды дамытады; санада әрекет ету қабілетін дамытады, бірақ ең бастысы есте сақтау қабілетін дамытады. «Болашақ» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері дойбы ойынын ойнау арқылы тек интеллектісін дамытып қоймай, достыққа, бір-біріне берілуге, келіссөздер жүргізуге, достарына қуануға, алаңдауға үйренеді.