«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжайы " МКҚК музыка жетекшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33320 болып  тіркелген, жаңа редакцияда-Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 "лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері" негізге ала отырып, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес 24 сағатқа 1 ставка жүктемесімен музыка жетекшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020400, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, № 1 шағын ауданы, 9 құрылыс, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48, dsaltinbesik@yandex.kz

  1. негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: музыка жетекшісінің бос лауазымы. Педагогтің біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 168000 теңгеден басталады.

Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

      музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

      балалардың ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

      педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

      балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

      ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді.

 

 

2) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгей болған кезде педагог-шебер үшін жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

4) құжаттар тізбесі:

- осы қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

- 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

– ең аз рұқсаты-720 x 480 болатын, ұзақтығы кемінде 10 минут өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

 

Жаңартылған күні: 09.09.2024 18:56
Құрылған күні: 09.09.2024 19:11

Текст