Ұйымдар тізімі
Балабақшамызда педагогтарға арналған жылдам әрі пайдалы десерт дайындау бойынша қысқамерзімді шеберлік сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — небәрі 5 минут ішінде балалармен бірге дәмді әрі пайдалы тағам дайындауға болатынын көрсету, сонымен қатар олардың дербестігін, ұсақ моторикасын және дұрыс тамақтануға деген қызығушылығын дамыту.
Шеберлік сағаты барысында қатысушылар қолжетімді ингредиенттерден (жемістер, йогурт, бал) тұратын қарапайым десерттің дайындалу жолымен танысты. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалармен аспаздық іс-әрекетті қауіпсіз әрі қызықты ұйымдастыру әдістері талқыланды.
Тәжірибелік бөлім үлкен қызығушылық тудырды: педагогтар десерт дайындауға белсене қатысып, бұл форматты балалармен жұмыс барысында оңай қолдануға болатынын атап өтті.
Шеберлік сағаты жылы, шығармашылық атмосферада өтіп, педагогтардың алдағы жұмысына пайдалы тәжірибе болды.



Мектепалды «Күн сәулелері»...