Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласы "Алтын бесік" бөбекжайы" МКҚК тәрбиеші бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы"МКҚК-і
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы №432 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" және жаңа редакциядағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021.11.19 №568 бірлескен бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда №7495 бұйрықпен тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, тәрбиешінің 27 сағат, 1,125 жүктемесімен бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Мекен - жай: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Микрорайон №1 көшесі 19, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48, dsaltinbesik@mail.ru
-осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; - жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); -- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); - "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының түрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген түр бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); - педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдары) бар болса ұсынады.