Мақсаты: музыкалық аспаптар түрлерімен таныстыру, одан шыққан әуенді тыңдай білуге, дауыс артикуляциясы арқылы дыбысталуын ажыратуға үйрету, музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс, анық айту дағдысын дамыту.
музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру. Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: сыбызғы – дудка, дауылпаз – барабан,қоңырау – колокольчик.
Ғажайып сәті.
Балалар қарандаршы бізге сиқырлы саңдық беріп жіберіпті, қызық бұнда не бар екен? Балалар ашып көремізба?
Балалар- ашып көрейі.
Тәрбиеші - Мынау – сыбызғы. Бұл – музыкалық аспап. Ол – дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше. Түтікшені үрлейді, сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.
Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.
Балалар, дауылпаз – бұл да музыкалық аспап,ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.
Мынау – қоңырау. қолға ұстайтын таяқша тәрізді, көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.
Билингвалды компонент: сыбызғы – дудка, дауылпаз – барабан, қоңырау – колокольчик.
-Балалар сыбызғыны үрлегенде қандай дауыс шығады гу -гу дауыс шығады, бізе далада қыс мезгілінде жел соқанда гуілдейма?
-Не ұшады? (Қар)
-Боран соғады, қар жеңіл ма?
-Ауырма?
Балалар: қар жеңіл.
Тәрбиеші: ендеше мен сендермен тыныс алу жаттығу жасағым келіп тұр.
Кеудемізге ауа жинап қатты түтүкшеге үрлейміз.
Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге ойын ойнауға ұсынамын.
Балалар: ойнаймыз келеді
Дидактикалық ойын: «Баяу және шапшаң»
Шарты: мен сендерге әуен қоямын сол әуенмен сендер қимылдайсындар. Шапшаң әуені ойнаса, сендер жүгіресінде. Ал баяу әуен ойнағанда сендер ұйқтайсындар.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар музыкалық ырғақты білесендер енді мен сендерге дауылпаз суретін салға ұсынамын.
Дауылпаздар қандай түсте болады?
Балалар: кызыл,сары, көк,жасыл түстер болады.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, қолдарын талған шығар, кәнеки сергіту сәтін жасайық
Сергіту сәті
Домбыра – Домбыра аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)
Ендене шертпелі аспаптар қатарына жатқызамыз.
Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып)
Ендеше ыспалы аспаптар қатарына жатқызамыз.
Жетіген – Жетіген аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)
Жетіген шертпелі аспаптар қатарына жатады.
Сыбызғы – Сыбызғы аспабы қалай ойналады? (Үрлеп)
Үрмелі аспаптар қатарына жатады.
Тәрбиеші: Сурет салып болсаңдар ортаға шығайық.
Балалар сендерге ойын ойнаған ұнайды білемін.
Музыкалық аспаты құрастырамыз.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: екі бала ортаға шығады, кім жылдам жинайды.
Жарайсындар балалар достық женді.
Тәрбиеші:
-Бүгін біз қайда бардық?
-Музыкалық аспаптарды атандаршы?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?