«Мен — зерттеушімін»
04.12.2025
«Алтын бесік» бөбекжайы ұйымында педагогтердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға, кәсіби белсенділігін арттыруға және озық тәжірибемен алмасуға бағытталған «Мен — зерттеушімін» атты байқау өтті. Байқау аясында 8 зерттеу жұмысы ұсынылып, әрқайсысы өзектілігімен, мазмұндылығымен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді.
Қатысушылар талдау жасау, зерттеу жүргізу және заманауи білім беру әдістерін тәжірибеде тиімді қолдана білу дағдыларын көрсетті. Қазылар алқасы барлық барлық байқауға қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.
Байқау нәтижелері бойынша:
Бас жүлде-Откульбаева С. М. (Ересек «Інжу» тобы)
1 орын — Никонова И.А. (ересек «Болашақ» тобы)
2 орын — Жетписпаева А.К. (мектепалды «Ақ бұлақ» тобы), Дулатпаева А.Т. (ересек «Қарлығаш» тобы)
3 орын — Букенесова К.К. (кіші «Сәби» тобы)
Байқаудың өткізілуі педагогтердің кәсіби өсуіне, олардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.
Қосымшалар:
- 1 - ee118fe9_b744_4441_967e_71292611d563.jfif 107.11 Kb
- 2 - fefaa5dd_688c_4e77_bf9b_24c1e5c8f88c.jfif 74.72 Kb
- 3 - 199247b8_aabc_4e93_87ed_92b004838a19.jfif 134.28 Kb
- 4 - 13bdb90e_d96a_4334_9834_a8d482ccd6b7.jfif 115.57 Kb
- 5 - f7a746a3_0bd4_4c0d_a283_a150287da713.jfif 118.73 Kb
- 6 - afe75506_cb46_4d68_afce_7fed223717e2.jfif 62.19 Kb
- 7 - 426d0f77_9634_4102_a2ca_df55c14cdb1c.jfif 161.8 Kb
- 8 - 5cee8ce0_1a75_4c81_82f4_d44bf5b8754a.jfif 154.49 Kb