«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық топтарына арналған жоспарға сәйкес 2023 жылғы 11 сәуірде "Зерек бала" тобының балаларына № 3 жалпы білім беретін мектепке экскурсия өткізілді.

Балалар үлкен   қызығушылықпен мектеппен кездесуге барды. Мұнда бізге болашақта  бірінші сынып оқушылары оқитын сыныптарды көрсетіп, мектеппен таныстырды. Біздің тәрбиеленушілеріміз мектепті қуана-қуана қарап тамашалап, барлық сыныптардың парталарына отырып шығып, тіпті өздерін бірнеше секундқа  оқушы ретінде көрсеткісі келді. Саяхат барысында балалар кітапханаға барып, ондағы көптеген қызықты және танымдық кітаптар барын байқады.  Спорт залды да тамашалап өтті. Бірақ, балаларды  мектептің асханасынада күтіп тұрған тәтті тосын сый ерекше   қуантты.
Балаларға  экскурсия өте ұнады,  мектеп  ерекеше әсер алғандары да көздерінен көрініп тұрды. Жүздерінде шуақты күлімсіреу, қуаныш пен 1 қыркүйекте мектепке келуге деген құштарлықтарын жасырмады.  
 № 3 жалпы білім беретін мектептің директоры Зауреш Ермековна Касенова мен мектеп педагогтарына жылы лебізіміз  бен көптеген жағымды эмоцияларымыз  үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді!

Тәрбиеші: Дронь В. И.

  

 

Жаңартылған күні: 21.04.2023 16:35
Құрылған күні: 21.04.2023 16:36

Текст