«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейімделу кезеңі

Бөбекжай психологы "Бейімделу кезеңі" туралы ата- анаға бірнеше кеңестер ұсынды.
Психологтің кеңесі:
 
Баланы балабақшаға апармас бұрын, оның өзге балалармен көбірек араласуына мән беріңіз.Баланы саябағына, ойын алаңдарына жиі ертіп барып тұрғаныңыз абзал. Құмда ойнауға, әткеншек тебуге үйретіңіз;
 
Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен алдын ала танысып алыңыз. Баланың бойындағы жеке ерекшеліктерінен хабардар етіңіз;
Баланың балабақшаға бейімделуі оның жағдайы мен көңіл-күйінің тұрақтануы болып табылады.
Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сезім бет- әлпетімізде, іс-әрекетте, ым- ишарадан көрініп тұрады.
 
Тәрбиешілер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым- қатынас жасауындағы басты мақсаты - баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл  аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі-ниет, ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл-күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады.
Жаңартылған күні: 19.01.2025 17:00
Құрылған күні: 19.01.2025 17:02

Текст