«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша логопедіне арналған конкурс

ауазымдық міндеттері:

          Баланың физикалық, психикалық, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуын тексеріп, құжаттама жүргізеді және талдайды.

Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайларында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асырады.

Тәрбиешілермен және де басқа мамандармен тығыз байланыста болып топтық, жеке және жұмыс жүргізе отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушіні түзету жұмысын жүргізіп, бұзылған функцияларын қалпына келтіру және әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

Инклюзивті білім беру принципін дамытады.

Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері бойынша педагогтарға, ата-аналарға немесе олардың орнында жүрген адамдарға консультация береді.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, Стандарттың талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі формаларын, әдістері мен тәсілдерін және құралдарын қолданады.

Үлгілік арнайы, жеке оқу бағдарламаларын іске асырады.

Кәсіби біліктілігін арттырады.

Әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысады.

Қажетті құжаттаманы жүргізеді.

Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.

Қоғамның ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толерантты көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

 

 

Білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін ;
  • қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын;
  • арнайы мектепке дейінгі педагогика және арнайы психологияны;
  • оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздерін;
  • арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктерін;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Арнайы білім" бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білімді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • Жалақы-146.754 теңгеден бастап
Жаңартылған күні: 11.08.2022 12:09
Құрылған күні: 11.08.2022 12:09

Текст