«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік "бөбекжайы" МКҚК Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының әдіскері бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда №7495 болып тіркелді, жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021.11.19 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 №432 "Қазақстан Республикасы Білім мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын" негізге ала отырып  Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжай-бақшасы " МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21-бұйрығына сәйкес 36 сағатқа 1 ставка жүктемесімен мектепке дейінгі тәрбие және орыс тілінде оқыту ұйымының әдіскері бос лауазымына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, № 1 шағын аудан көшесі, 9 құрылыс, телефон 8-716-43-5-32-67, 8-702-963-80-48, dsaltinbesik@mail.ru

  1. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы мөлшері мен шарттары көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: орыс тілінде оқытатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру әдіскерінің бос лауазымы.

Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

топтардың жас ерекшелігін ескере отырып сабақтар кестесін құрады;

оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

оқу-әдістемелік құжаттаманы, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтауды ұйымдастырады;

оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды;

тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

    оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есеп алу құжаттамасын уақтылы ресімдейді;

тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара әрекеттерін үйлестіреді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді;

     тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

     біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтерді аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Педагогтің біліміне, біліктілігіне және жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 129260 теңгеден басталады

 

2)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша жұмыс өтіліне немесе өзге де кәсіптік білімге талаптар қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық елді мекендер-кемінде 3 жыл, ауылдық жерлер үшін-кемінде 1 жыл;

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

    4)  Құжаттар тізімі;

-осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса); --

- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); -

- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) анықтама кітаншасы;

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- Наркологиялық ұйымнан анықтама;

- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік  жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.12.2022 15:21
Құрылған күні: 20.12.2022 15:21

Текст