Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту ойын, ән, өлең, ертегілер және шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Балалар түрлі тақпақтар жаттап, жұмбақтар шешіп, ұлттық ойындарға қатыса отырып, сөздік қорын байытады. Сондай-ақ, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үйрену арқылы олар өз елінің мәдениетін тереңірек түсінеді.
Қазақ тілі мұғалімі:Сазанова Б. С.