Текст
Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде Lego құрылысы және оқу робототехникасы сияқты өнімді іс-әрекеттер өте танымал болып келеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында робототехниканы қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін дамытуды, жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және бұл олардың балабақшада одан әрі білім алуы құрамдастарының бірі болып табылады.