«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяз Атадан Сәлем»

06.01.2021

  Мектепалды даярлық «Болашақ»  тобында «Аяз Атадан Сәлем» тақырыбында спорттық ойын сауық  өткізілді. Далада қатты аяз болғанымен , Аяз Атаның тапсырмаларын топтада орындауға болады.

    Тапсырмалар қызықты, әр түрлі жаңа жылдық тақырыпта  болды. Балалар «Қысқы жолдан» өтіп, заттар арасынан  жыланша  жүріп, «қарлы лабиринт» қақпасынан өтіп, «қар құрсауынан» секірулер жасады. Қысқы жол балаларды шыршаға апарды,шыршаның астынан екі конверт тапты. Бірінші  конвертте қысқы ойындар туралы жұмбақтар болса, ал екінші конвертте Аяз Атаның тапсырмалары болды. «Кім жылдам?», «Мұқият бол», «Қаршықтарын әкел», «Қар дөңгелегі», «Қар дөңгелегін домалат», « Арқан тарту»  тапсырмаларды балалар орындады. Спорттық тапсырмаларды орындағаннан кейін балаларды шыршаның астында тағы бір тосын сый күтіп тұрды.

 Аяз Ата балаларға «қатыру» ойынын ойнау үшін өз қолғабын қалдырды. Өткізілген іс-шара барысында балалар өздерінің спорттық ептіліктерін, шыдамдылықтарын және дені сау болу үшін спортпен шұғылдануға деген ынталарын көрсетті.

Приходько Н.Л.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст