«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл-асқақ армандардың орындалатын уақыты, ал балалар үшін жаңа жыл мерекесін күту, ол Аяз Ата мен Ақшақардан сиқырды күтумен байланысты.

30.12.2020

Бөбекжай бақшамызда Жаңа жыл мерекесі  қуанышты көңіл аптада болды.

    Мерекелік ертегі балабақшаның кіре берісінен  басталды. Мекеменің аумағы ертегі патшалығына ұқсады. «Қуаныштың мұз қалашығы!» атты жарқын да  қызықты қарлы мүсіндер  балаларды қызықтырып,қуанышты көңіл күй сыйлады. Мұнда балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері Нюша, Спанч Боб, пингвин, жаңа жылдық сағаттар, мамонтенок, колобок, қалайы, қоян, аю, Лунтик, бұқада бар. Әр таң сайын балаларды жарқыраған жаңа жылдық шырша қарсы алады.    

       Дәліздерде жаңа жылдық ертегі жалғасты. Отбасылық шығармашылық көрмесі бөбекжай бақша фойесінің сәнін келтірді. Сондай ақ «Жаңа жыл қарсаңында!» атты сурет көрмесі мен Таңғажайып көрме: ерекше және әдемі» тақырыбындағы қолөнер көрмелері дәлізге көрік берді. Жаңа жылдық тақырыптағы қызықты суреттер, шыршалардың түрлі қолөнерлері, көңілді аққалалар, қарлы үйлер мекеменің жаңа жылдық интерьеріне ерекше элемент енгізді.

       Балалар көрмені қуана тамашалап , жаңа жылдық ғажайыптың жалғасуына қуанды. Балаларды  ертегі қойылымдары топтарында  да күтті. Топтық бөлмелер жаңа жылдық стильде безендірілді. Әр топта тәрбиешілер балалармен бірге жаңа жылдық шыршаларды безендіріп, Жаңа жылды көңілді қарсы алды. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар мерекеге ерекше сән берді.Мерекеге ертегі кейіпкерлері келіп, олар балаларды  ойын-сауықпен қуантты. Мереке күндері барлық жерде әзілдер, әндер, билер, көңілді күлкілер  естілді. Ертегілік ғажайыптар   жаңа жылдық аптаның соңына дейін созылды.

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст