«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Қуаныш мұз қалашығы!»

28.12.2020

   Қысқы табиғаттың сұлулығы-табиғаттың ең тамаша  жаратылысының  бірі. Табиғаттың сұлулығы балалардың назарын ерекше аударады. Бөбекжай бақша ауласында қарлы ертегі мүсіндері пайда болған кезде, балалардың қуаныштарында шек жоқ.

Бөбекжай бақшасының ауласында,айналаның барлығы  сиқырлы және ғажайып күйге айналды.

      Қар мүсіндері бөбекжай бақшаның ауласын безендіріп ғана қоймай, сонымен қатар балалардың жағымды эмоционалды көңіл-күйін көтеріп, ертегі кейіпкерлерімен кездесіп,серуендеп,тамашалауға мүмкіндік береді.

 № 5 «Алтын бесік» бөбекжай бақшасында қар құрылыстарын салу дәстүрге айналды. Ата-аналар тәрбиешілердің басшылығымен бірнеше жылдан бері,  қар қалашығын салып келеді. Жарқын, қызықты қарлы мүсіндер  бөбекжай бақшамыздың  аумағын  безендіріп,тамаша  көрініске айналады.

     Осы қыста да  « Қуаныш  мұз қалашығы!» атты мұз қалашығы бой көтерді. Мекемеміздің аумағы қар патшалығына ұқсас болды. Кіре берісте кішкентай «Ертегі сыйлық»,ары қарай кішкентай қонжық , сүйікті Нюша, Спанч Боб және пингвиндер өз орындарын тапқан.

        Сондай ақ  көңілді бағанға: жаңа жылдық сағаттар, мамонтенок, бауырсақ, жаңа жылдық шырша, Олов, қоян, аю және Лунтик мүсіндері орналасқан. Ертегі мұз композициялары Жаңа жылдың символы бұқамен аяқталды.

Бір апта бойы ата-аналар өз ой өрістерін ортаға салды. Балалар қарлы мүсіндерден   өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін көріп, қуанышты да шатты күйге ие болды!

 Қар қалашығының құрылысына қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтқымыз келеді. Қар мүсіндерін балалар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар әрбір жолаушы  қуанышпен, таңқаларлық  сезіммен тамашалайды.
 

 

 

 

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст