23.12.2020
Жапсыру- балалардың бейнелеу өнерінің сүйікті түрлерінің бірі.
Әр түрлі материалдармен, әр түрлі көркемдік әдіс-тәсілдермен жұмыс істеу балалардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, түс, үйлесімділік, бейнелі ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Аптаның өтпелі тақырыбына сәйкес мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Шоқ инелі шырша» тақырыбында жапсыру оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінде балалар жұмбақты шешу арқылы жыл мезгілін бекітіп,ағаштардың қысқа қалай дайындалатыны жайлы және шырша неге жасыл болып қалатыны туралы түсінді. «Шыршаның жанында билейміз» атты сергіту сәтін және «Шырша» саусақ жаттығуын жасап балалардың эмоционалдық көңіл-күйі, жұмысқа деген қабілеттері арта түсті. Балалар жұмысты симметриялық және үзік-үзік жапсыру техникасын пайдалана отырып орындады.
Оқу қызметінің соңында өздерінің және жолдастарының нәтижелеріне риза болып , жағымды көңіл-күй алды.
Тәрбиеші Яльцкая Г.В.