Текст
Отан дегеніміз – біздің егемен еліміз, туған жеріміз, үйіміз бен әулетіміз. Ал оның гүлденуі, өркендеуі үшін қорғанысы мықты болуы керек екенін бәріміз білеміз. Балалардың Қазақстан, Отаны, туған жері, анасы, әкесі, балабақша мен достарының бақытты тұратын мекені үшін сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметінде «Гүлдене бер, Қазақстан» тақырыбында балалар сурет салып, өз – отаны Қазақстан туралы толық мәлімет алып, сұрақтарға жауап берді. Туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан мемлекетіміздің Тәуелсіздігі, рәміздеріміз ,Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәліметтер алып, әр түрлі тәсілдерді қолданып және белсене қатысып, суреттерін қызығушылықпен салды.
Тәрбиеші Бердхожа А .