Қазақстан Республикасы үшін ең айтулы мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні мерекесі.Осы атаулы мерекеге орай түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Бөбекжай бақшамызда «Қазақстан - менің Отаным» тақырыбында қолөнер және суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалар, ата-аналар және педагогтар қатысты.
Көрменің ұйымдастырылу мақсаты балалардың патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін және достық пен бірлікке ұмтылыстарын қалыптастыру болып табылады. Біздің көрмеде өз Отанына деген сүйіспеншілік, Отанымыздың жетістіктері үшін мақтаныш және жарқын болашаққа деген сенім көріністерін көруге болады. Көрмеге қатысушылар шығармашылық жұмыстарында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсете білді.
Ата-аналар балаларымен бірге қолөнер мен сурет салуға өте жауапкершіліктерін танытып, әр жұмыста өзіндік, шығармашылық, тапқырлықтарын көрсете білді.
Біз бірлескен қызметке белсенді қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Біздің бөбекжай бақшада талантты балалар мен белсенді ата-аналардың көп болғаны үшін өте қуаныштымыз!