Текст
Ересек «Күн сәулелері» тобында «Қызықты қыс мезгілі» тақырыбында қыстың негізгі белгілерін бақылау мақсатында балалар ойын алаңына серуенге шықты. Балалар серуен барысында қыстың бегілерін ажырата білуге үйреніп, күрекпен қалай дұрыс жұмыс істеу керек екендігін үйренді. Бірлесіп еңбек атқаруға, бастаған істі аяғына дейін тиянақты орындауға, сонымен қатар балалардың еңбекке деген қызығушылықтары арта түсті. «Ұстап ал» қимылды ойынын ойнау арқылы , балалардың өзара бір-біріне деген жылулық, достық сезімдері арта түсті.