Текст
Балалардың шығармашылығын жан-жақты дамыту және бейнелеу іс-әрекеттерін меңгеру үшін баллардың қызығушылықтарын ескеру қажет,оқытудың әр түрлі тақырыптары мен формаларын қолдану керек.Қолданбалы бағдарламаны тиісті басшылықпен және тиісті әдістер мен тәсілдермен қолдану арқылы балаларға жасына сай оқыту және дамыту әсерлерін береді. Жапсыру сабақтарының арқасында балалар жапсыру әдіс-тәсілдерінің дағдыларын ойдағыдай меңгеріп,бөлек бөліктерден тұтас құрастыруды үйренеді.
Ересек «Жұлдыз» тобында жапсыру оқу қызметі болды. Балалар бүктелген төртбұрыштан үшбұрышты қиюды үйреніп,сюжет құру қабілеттері дамыды.Өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тырысып,оқу қызметінің соңында балаларда қызықты жұмыстар шықты.