Дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға бағытталған.Дене шынықтыру жаттығулары, адам денсаулығын нығайтуға арналған . Балабақшада оқу қызметінің нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Дене шынықтыру жаттығулары,әр түрлі қозғалмалы ойындары,ағзаның функцианалды қалпын толығымен дамытады.Қозғалмалы ойындар – жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу,т.б. қимылдар арқылы жүргізілді.
«Ақ бұлақ» тобының балалары «Біз-болашақ әскерміз» тақырыбында дене шынықтыру оқу қызметінде,өздерінің шапшаңдықтарын көрсете отырып ,бұлшық етке дамытуға арналған жаттығулар орындап,ұзындыққа секіріп,әр түрлі кедергілерден өту барысында ептілікке биімделулерін көрсете білді. Қозғалмалы «Аударыспақ», «Қармақ» ойындарын ойнау барысында балалар өздерін ,жылдамдық,ептілік,шыдамдылық жақтарынан белсенділік танытты. Оқу қызметін меңгеру кезеңінде, балалар батылдық қасиеттерін көрсетіп, отансүйгіш, отанқорғаушылары болатынын дәлелдеді.