Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюждетті рөлді ойынды бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында өзара ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда боладыОйын үстінде балалар тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балалардың өзара келісімге келтіреді. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Сюжетті рөлді ойындар өмірден алынады, бұл өмір айнасы. Бұл ойын балалардың өз өнерпаздығы.
Мектепалды даярлық «Ақ бұлақ» тобындағы балалар, түстен кейінгі уақыт бөлігінде топ балаларының өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы бойынша «Дүкенші» мазмұнды сюжеттік ойынын ойнап,дүкенші болуға армандады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестірді және өзара түсініп,бір-біріне көмектесуге үйренді.