Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 14-15 қазан күндері мектепке дейінгі ұйымдары арасында экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру, балаларды табиғаттың сұлулығын бағалай білуге үйрету, әлемнің эстетикалық қабылдауын дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, эко-акцияға қатысушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту; мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына экологиялық білім мен білім беруге ықпал ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдары арасында «Табиғат-біздің ортақ үйміз» атты эко-акциясын өткізді.
19 қазан күні дауыс беру қорытындысы бойынша қорытынды шығарылды. І орынды Атбасар ауданының №5 «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасы иеленді. Құттықтаймыз!