Бүгін мектепалды «Ақ булақ» даярлық тобында «Ертегідегі құс» тақырыбында сурет салу оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінің бастапқы кезеңінде балалармен жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгіме жүргізілді. Қыстап қалған құстар туралы білімдерін ортаға салып,және қазір қандай құстар ұшып келгені жайлы айта кетті.Балалар құстар туралы ертегілерді естеріне түсіріп,құстардың дене пішімін еске алды.Балалар алдымен қағаз бетіне қарындашпен құстың бейнесін сопақша,шеңбер,үшбұрыш геометриялық пішіндері арқылы бейнеледі.Ұйыдастырылған оқу қызметінің соңғы бөлімінде,балалардың жұмыстарына баға беріліп,жұмыстар көрмеге орналастырылды. Оқу қызметін қорытындылай келе балалар құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғымдары қалыптасып,құстар туралы білімдері жетілді. Ертегінің желісі бойынша сурет салуға үйреніп,сондай ақ құстар туралы білімдері кеңейді.Құстардың пішіні және оны ретімен орналастыруда шығармашылық қабілеттері дамып, жұмыстарын ұқыпты да таза жасауға ынталанды.