Текст
«Коммуникация» білім беру саласында логопедтік «Балапан»топта «Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша әңгіме» тақырыбында сөйлеуді дамыту оқу қызметі өтті. Оқу қызметі балалардың сөздік қорын байытуға, сөйлемді дұрыс құрауға бағытталған. Оқу қызметінде сурет бойынша әңгіме құру, жаңылтпаш жаттау, дыбыстық талдау әдістері қолданылды. Балалар әңгімелер құрастырып , өз ойларын білдіру кезінде грамматика мен лексиканы еркін қолдана білді. Бір бірінін құрастырылған әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Балалар белсене қатысып, тәрбиешінің берген тапсырмаларды орындады.