Бөбекжай бақшада ата-аналармен жұмыс істеудің әртүрлі формалары қолданылады. Сәтті формалардың бірі – ата-аналарды белгілі бір тақырып бойынша түрлі көрмелер ұйымдастыруға тарту. Жұмыстың бұл түрі ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмысында жақындасуға мүмкіндік береді, балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеленушілер мен ата-аналардың бірлескен өнімді қызметі отбасылық құндылықтардың дамуына оң әсер етеді, отбасы мүшелерін біріктіруге көмектеседі, балаларды мәдени құндылықтармен таныстырады. Ата-аналар мен балалар жасаған шығармашылық қолөнер мектепке дейінгі ұйымдардың топтары мен бөлмелерінің сәніне айналады.
№ 5 «Алтын бесік» бөбекжай бақшасы «Сиқыршы-күз» тақырыбында табиғи материалдан шығармашылық көрме ұйымдастырды. Көрме балалар мен ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Көрмеге қатысушылар өздерінің қиялымен, өзіндік ерекшелігімен және шығармашылық қабілеттерімен таң қалдырды. Ата-аналар бей-жай қалмай, балалармен қолөнер жасауға белсенді қатысқаны қуантады. Біз өз балаларын шығармашылық қызметке тартуға тырысатын ата-аналарға үлкен рахмет айтамыз.