Текст
Аптаның тақырыбына сәйкес күзгі құбылыстар туралы білім әр білім беру саласында қалыптасады. Күзде ауа-райы туралы айтатын болсақ, балалар міндетті түрде жаңбыр ауа-райы туралы сөйлесіп, түрлі-түсті қолшатырлары туралы қуанышпен айтады. Мектепалды даярлық «Зерек бала» тобында «Қолшатырлар» тақырыбында «Аппликация» ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Балалар әртүрлі қолшатырларды қарастырды. Оларды қашан пайдалану керек екендігі туралы айтты. Қолшатырды безендіру тапсырмасын қуана орындады. Олар тапсырманы дәстүрлі емес техникада орындады және қолшатырдың күмбезіне түрлі-түсті қағаз бөлшектерін жабыстырды. Балаларға қолшатырды түрлі-түсті қағазбен безендіру өте ұнады. Қолшатырлар әдемі болып шықты.