Текст
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мәселен жомарт күз – өзінің пейзажымен көздің жауын алады. Күзгі көрініс ешкімді таңғалдырмай қоймайды. Балабақшада «Күз бояулары» суреттер көрмесі— күзгі сұлулық пен жомарттық көрмесі өтті.
Көрмеде тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлескен жұмыстары ұсынылды. Суреттер ата-аналар мен балалардың қиялдарынан туып, ерекше болды. Барлық балалар мен ата-аналарға қиял мен шығармашылық үшін рахмет.