Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қызметі. Балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлеріне көмектескен кезде ойыннан үлкен рахат алады. Ойын арқылы балалар көп күш жұмсамай жаңа білім алады
Бүгін «Зерек бала» мектепалды даярлық тобында «Қызыл телпек» ертегісі бойынша математика негіздері бойынша оқу қызметі өтті. ҰОҚ ойын жағдайлары қолданылды: балалар сүйікті кейіпкеріне әжесінің үйіне жетуге көмектесті. «Жолды тап» дидактикалық ойынында ең ұзын жол анықтады. Қазақ және орыс тілдерінде парақшаларды санап, күзгі сый жинады. «Фигураны тап» ойынында геометриялық фигуралардан "печенье" тақтайшаларына жайылып, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттерін атады. Қасқырға достық деген не екенін түсіндіріп, барлығы бірге «тату балалар» ойынын ойнады. «Подруги пальчики» саусақ гимнастикасы жасай отырып, достықтың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Оқу қызметі қызықты өтті. Балалар белсенді қатысып, әр жаттығуды мұқият орындады.